КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА ОҢ ӨСІМДЕР БАР

Бүгін қала әкімі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының 2022 жылдың І жарты жылдығының қорытындысымен атқарған жұмыстары бойынша есебін тыңдады.  

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда: өнеркәсіп 10,1%, өңдеу өнеркәсібі 11,1%, инвестиция 19,5%, ШОБ субъектілері 26,4 %, бөлшек сауда 14,9 пайызға өскен.

Биыл өнім көлемі 856,9 млрд. теңге болады деп жоспарланған.

2022-2026 жылдар арасында 228 инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болса, соның 50-і биылғы жылдың үлесінде. Оның ішінде инвестиция көлемі 52,8 млрд теңгені құрайтын 16 өнеркәсіптік жоба бар.

Өңірлер арасында іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес саны бойынша Шымкент алғашқы орында; ЖӨӨ ШОБ үлесі бойынша үшінші орында; ШОБ-те адам саны бойынша төртінші орында болса; ШОБ өндірілген өнім көлемі бойынша алтыншы орынға тұрақтаған.

Есепті тыңдаған қала әкімі — алдағы жылдары жоспарға қойылған жобаларды кеңінен зерделеуді, индустриалды аймақтардағы кәсіпкерлік нысандарына талдау жүргізуді, өндірістік парктердің тиімділігіне талдау жасауды, көшпелі сауда орындарын бақылауға алуды тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, басқарма басшысының орынбасары Б.Азимбердиев жылдың басында 1 тоқсан, яғни 3 айда атқарған жұмыстары жайлы қала басшысына есеп берген болатын. Сол кезде,  сол аралықта 211,5 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі, ал өңдеу өнеркәсібінде 176 млрд теңгенің өнімі өндірілгенін мәлім еткен болатын. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіптің өсу қарқыны 119 пайызды, өңдеу өнеркәсібінде 121,2 пайызды құрады деген еді. Сонымен қатар ол бірінші тоқсанда негізгі капиталға 75,2 млрд. теңгенің, ал өткен жылдың үш айында 38,7 млрд теңгенің инвестициясы тартылып, өсу қарқыны 194 пайызды құрады. Жалпы жыл соңына дейін барлық сала бойынша қалаға 538 млрд теңгенің инвестициясын тарту жоспары бар деген-ді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының өнеркәсібінде 731 кәсіпорын белсенді жұмыс жасап жатұанын айтқан. Оның ішінде ірі – 26 кәсіпорын болса, 42-і орта кәсіпорын.Ал қала әкімі өз кезегінде экономикалық индикаторлардың орындалуымен шектелуге болмайтынын және инвесторларға барынша жағдай жасау керектігін айтып, сала жетекшісіне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.