Келес: мектептердегі жөндеу жұмыстары қатаң бақылауда

Биыл Келес ауданында 4 білім беру мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Бахтияр Сапарұлы №26 Келес, №28 Мақташы және №56 Т.Белгібаев атындағы жалпы орта мектептерін аралап, күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысымен танысып қайтты.

№26 Келес жалпы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталған.

№28 Мақташы жалпы орта мектебінің қосымша ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарының монтаждау кезеңі аяқталып, әрлеу жұмыстары басталды.

№56 Т.Белгібаев атындағы жалпы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмысы өтпелі болып белгіленді. Қазір еден ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл мектептерге «Ауыл ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржы қарастырылған.

Алдағы уақытта да жөндеу жұмыстарына тұрақты түрде бақылау жүргізіліп тұрады.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.