Кентау қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен қаржылық сауаттылық бойынша жұмыстар тиянақты жүргізіледі

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиынға қалалық дербес бөлімдердің, құқық қорғау органдарының басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Күн тәртібінде денсаулық сақтау, жер қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен оларды жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Бұл бағытта Кентау қалалық емханасы мен аурухана басшыларының орынбасарлары, жер қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінің басшылары баяндама жасады.

Комиссия мүшелері баяндамашыларға сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Жиынды қорытындылаған қала әкімі Жандос Қалмырзаұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруды, тәуекелдерді жоюға бағытталған нақты шаралар қабылдауды және барлық салада ашықтық пен заң талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.

Ал қаржылық сауаттылық мәселесіне келсек, Кентау қаласында Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі мен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен «Қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктант» өткізілді.

Аталған іс-шара аясында қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлеповтің төрағалығымен жиналыс өткізіліп, диктанттың мақсаты мен ұйымдастыру тәртібі түсіндірілді. Іс-шара барысында қатысушыларға халықтың қаржылық сауаттылығы мен мәдениетін арттыруға бағытталған қаржы пирамидалары мен алаяқтардың тұзағына түспеу жолдары және азаматтарды қаржылық алаяқтықтан қорғау және құқықтық-қаржылық мәдениетті қалыптастыру түсіндірілді. Диктантқа мектеп оқушылары мен колледж студенттері, педагогтар, мемлекеттік және жеке сектор қызметкерлері, қаржы саласының мамандары, сондай-ақ қаржылық сауаттылығын арттырғысы келетін кез келген азамат қатыса алады. Айта кетейік, қатысушылар онлайн платформада тіркеліп, 25 минут ішінде 20 сұраққа жауап береді. 16 және одан көп дұрыс жауап берген азаматтар цифрлық дипломмен марапатталса, қалғандары арнайы сертификатқа ие болады.

Диктанттың басты мақсаты азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржылық алаяқтық пен цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне назар аудару, сондай-ақ қаржылық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You