КЕНТАУ: 3 МАМАНДЫҚ ЖӘНЕ 3 БІЛІКТІЛІК БОЙЫНША БІЛІМ БЕРЕДІ…

Түркістан облысының арнаулы кәсіптік колледжі мектеп бітірген оқушыларды оқуға шақырады!  Білім беру қызметін қайта тіркеуден өткен 09.01.2019ж. №KZ93LAA00013756 сериялы  мемлекеттік лицензиясына, бастауыш кәсіптік білім мамандықтары бойынша күндізгі оқыту нысандары бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына арналған лицензияға қосымшаларға сәйкес жүзеге асырады. Мынадай мамандықтар бойынша дайындалады:

Оқыту 3 мамандық және 3 біліктілік бойынша жүргізіледі

Білім коды мен бейіні:       07230100 — Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу

Мамандығы:                       07230100 — Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу

Біліктілігі:                             3W07230102  «Арнайы тігінші» >>

Білім коды мен бейіні:       06120100 — Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)

Мамандығы:                        06120100 — Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)

Біліктілігі:                             3W06120101 — «Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы» >>

Білім коды мен бейіні:    04110100 — Есеп және аудит   

Мамандығы:                      04110100 — Есеп және аудит

Біліктілігі:                          3W04110101  » Бухгалтер-кассир» >>

Колледж миссиясын жүзеге асыру, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге мақсатты қол жеткізу, сапалы білім беру қызметін көрсету және тиімді қызметті жүзеге асыру үшін колледжде қазіргі заманғы материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстардың барлық қажетті инфрақұрылымы, жоғары білікті инженер-педагогикалық кадрлар бар.

Аталмыш оқу ордасы 1942 жылдың қаңтара айында Шымкент кәсіптік-техникалық училищесі болып құрылған. Қалалық Атқару Комитеті 75 үйде орналасқан ғимараттарды берген, алғашқыда мектеп «Республикалық есеп жоспар мектебі» деп аталған. Ұлы Отан соғысы жылдарында мемлекет оқушыларды оқыту, асырау үшін қаржы бөлген, оқушылар толығымен мемлекет қамқорлығында болған. Бұлар бейбіт өмірге қайта оралған соғыс мүгедектері еді. Мектептің бірінші директоры қызметін Ұлы Отан Соғысының мүгедегі полк комиссары болған В.И.Гриднев атқарған.

Мектеп жоба сызушыларды, құрылыс жұмысын басқарушыларды, жоспарлаушыларды, ауылшаруашылықты және өндірістік бухгалтерлерді дайындаған.

1950 жылдарға дейін оқуға тек Ұлы Отан Соғысының мүгедектері қабылданған. Кейін келе еңбек, әскер, бала кезінен және жалпы ауру салдарынан мүгедек болған азаматтар қабылданатын болған. 1960 жылы «есеп-жоспар» мектебі «кәсіптік» мектеп болып қайта құрылды.

1991 жылы ҚР әлеуметтік қорғау Министрлігінің бұйырығы негізінде оқу орны кәсіптік–техникалық училище болып қайта құрылды. Олар «экономист-бухгалтер», «жеңіл киім тігіншісі» мамандықтары. Оқу мерзімі 9 кластан кейін 2 жыл 10 ай, орта білім негізінде 10 ай. Бұл училище Қазақстан Республикасы бойынша жалғыз ғана. Бұл оқу орнында Қазақстанның барлық облысынан келген мүгедектер кәсіби мамандық алады, училище ашылған уақыттан бері 6000-нан астам мамандар дайындалған.

2008-2009 оқу жылы тамыз айынан бастап Кентау қаласына көшіп келуіне байланысты Оңтүстік Қазақстан Облысының Арнаулы Кәсіптік лицейі болып өзгертілді.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсан №394 қаулысымен “Оңтүстік Қазақстан облысының арнаулы кәсіптік лицейі” медициналық-әлеуметтік мекемесі” мемлекеттік мекемесі “Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының “Арнаулы кәсіптік колледжі “медициналық-әлеуметтік мекемесі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

Қазақстан республикасы, Түркістан облысы, Кентау қаласы, Д.Қонаев даңғылы 28 үй
Сымтетік-факс: 8 (72536) 4-06-54, 4-07-59, 4-09-63

Әдеуметтік желілер:

Электрондық пошта: ukospkmsu@mail.ru
ВКонтакте: www.vk.com/okoakk
Facebook: www.facebook.com/ukospkmsu

Instagramm: @specprofkolledzh
WhatsApp: +77087151474

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

8 Comments

  1. It’s the best time to make some plans for
    the future and it’s time to be happy. I have read this post and
    if I could I wish to suggest you some interesting things or tips.
    Maybe you can write next articles referring to this article.
    I want to read even more things about it!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.