Кентаулық саңлақтар спорттық додаларда топ жарып жүр

Енді рет-ретімен тоқталсақ. 5-12 қараша күндері Шымкент қаласында 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа республиканың барлық облыстарынан командалар қатысып, чемпионат жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізілді. Тартысты өткен дода нәтижесінде Түркістан облысының құрама командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Команда құрамында өнер көрсеткен Кентау қалалық №2 БЖСМ спортшысы Бейбарыс Еркөкшеев өз шеберлігін жоғары деңгейде көрсетіп, ерекше көзге түсті. Жас спортшыны және команданы жетістіктерімен құттықтаймыз!

Сонымен қатар дзюдо күресінен 2006-2007 жылы туған жастар арасындағы Түркістан облысының чемпионатында Кентау қаласының Бекзат Саттарханов атындағы №1 БЖСМ спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Жарыс жүлдегерлері:

Ұлбибі Қаңлыбай — 63 келі, 1-орын;

Даяна Орынбасар — +78 келі, 2-орын;

Дана Қойшыбаева — 57 келі, 3-орын;

Нұрхан Жамалхан — 100 келі, 1-орын.

Айтылған нәтижелер — спортшылардың табанды еңбегі мен жаттығу процесіне деген жоғары жауапкершілігінің жемісі.

Жаттықтырушылары:

– Самат Арғынбаев;

– Қанат Арғынбаев.

Жеңімпаздарды және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Спорттық жетістіктеріңіз арта берсін!

Бұдан бөлек 5-12 қараша күндері Түркістан қаласында 2007–2008 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының жастар лигасының күзгі чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа республиканың барлық облыстарынан командалар қатысып, жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Түркістан облысының құрама командасы тартысты өткен додада жүлделі ІІ орынды иеленді. Чемпионаттың күміс жүлдегері атанған құраманың сапында өнер көрсеткен Кентау қалалық №2 БЖСМ спортшысы Саят Балинбек үздік ойынымен ерекшеленіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Жас спортшыны және команданы жеңістерімен құттықтаймыз!

Мұнан өзге ҚР Күзгі чемпионаты өз мәресіне жетті. Алматы қаласында 2014-2015 жылы туған қыздар мен ұлдар құрама командалары арасында өткен Қазақстан Республикасының күзгі чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыс нәтижесінде қыздар арасында Түркістан облысының құрамасы І орынды иеленіп, Қазақстан Республикасының чемпиондары атанды!

Команда құрамында үздік ойын көрсеткен Кентау қаласының спортшылары — Қарақат Қосан мен Карина Куценко ерекше көзге түсті.

Спортшыларды жарысқа дайындаған бапкерлер — Ануар Исаев және Мария Куценко.

Жас спортшылардың жоғары жетістіктері үшін оларға «Спорт шеберлігіне үміткер» атағы берілді. Жас чемпиондарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістерге жете беріңіздер!

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You