ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОЛЛЕДЖДЕРГЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Өңірлік коммуникация қызметінде Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы «Колледждерге құжат қабылдау» жөнінде брифинг өткізді.
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін 9-сынып түлектерін тегін ТжКБ-мен қамтуды 100%-ға ұлғайту мақсатында 2022-2023 оқу жылына республикалық бюджет есебінен 10000 орынға, жергілікті бюджет есебінен 7000 орынға, жалпы саны 17000 орынға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға арттырылып отыр.
Осы көлемдегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру конкурсына қатысу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы 43 колледжден 66 мамандық, 95 біліктілік бойынша 15032 орынға конкурсқа қатысу туралы өтініштер келіп түсіп, орналастыру комиссиясының 2022 жылғы 24 маусымдағы №1 хаттамалық шешіммен білім беру тапсырысы орналастырылатын 40 колледждің 11932 орын (оның 11157-сі, яғни 93,5% мемлекеттік тілде оқытылады) көлемінде жобалық мүмкіндігі айқындалды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі
1) білікті жұмысшы кадрларды даярлаудың күндізгі нысаны:
күндізгі нысаны: 25 маусым – 25 тамыз.
2) орта буын және қолданбалы бакалаврларды даярлаудың күндізгі нысаны:
негізгі орта білім базасында 25 маусым — 18 тамыз;
жалпы орта, ТжКБ базасында 25 маусым — 20 тамыз;
ақылы негізде 25 маусымы — 25 тамыз;
оқудың кешкі және сырттай нысанына — күнтізбелік жылдың 25 маусым — 20 қыркүйек;
шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша — 25 маусым — 20 шілде.
Бүгінгі күнге 41 колледждің қабылдау комиссияларына 1888 талапкерден өтініш келіп түсіп, SmartNationCollege ақпараттық платформасында тіркелуде.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.