
Мақтаарал ауданындағы Бірлік және Мақтаарал ауылдық округтерінде балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерлері өз жұмысын бастады. Осыған орай «Армысың жарқын жаз — 2022» атты тақырыпта салтанатты жиын өткізілді.
Ондағы мақсат — балалар мен жасөспірімдер демалысын тиімді пайдалануына және балалардың денсаулығын нығайтуға, шығармашылық еңбегін іске асыру.
Шараға Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы, Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Жолдасов Алданияз Бастарұлы, Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Серікбаев Мұратбек Тулапұлы, Мақтаарал ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы Серікбаев Сәкен Турғараұлы қатысып, балаларға жүрек жарды лебіздерін білдірді.