М.ӘЙТЕНОВ: ЖАСТАРДЫ КӘСІПКЕ БАУЛУ АСА МАҢЫЗДЫ

Бүгін қала әкіміне Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының 6 айда атқарған жұмыстары туралы басқарма басшысы М.Шотанов есеп берді.

Шымкентте 245 мыңнан аса жастар болса, оларға қолдау көрсету мақсатында 4 ауданнан жастар ресурстық орталықтары ашылып, жыл басынан бері 21 мың жасқа қызмет көрсеткен. Одан бөлек, 9 ірі сауда орталығында жастар ұйымдары құрылған. Олар кәсіпкерлікті дамыту және заңдастыру, спорттық шараларға тарту сынды бағытта жұмыс жасайды. «Профновигация» жобасы аясында мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмыстары бойынша 56 кездесу мен семинар-тренингтер, кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылды.

Жастарды жұмыспен қамту мақсатында: NEET санатындағы жастар туралы тұжырымдама әзірленіп, бекітілді. Жыл басынан 27 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 4 100 жас жұмыспен қамтылды. «Мобильді топ» 48 шалғай елдімекенді аралап 15 000 астам жасқа ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 6 828 жас мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 162 жас алғашқы жұмыс орындары, 123 жас әлеуметтік жұмыс орындар, 3 623 жас тұрақты жұмыспен, 996 жастар практикасымен, 1 924 жас қоғамдық жұмыс орындарына жолданған.

Қала әкімі – «Жастарды кәсіпкерлік іске баулу, жұмысқа орналастыру, оларға заманауи технологияны меңгерту күн тәртібінен түспей отырған өткір мәселелердің бірі. Әлеуметтік мәселесін шешу үшін, алдымен жұмыс мәселесін шешу қажет. Жұмыс істеймін деген жасқа мүмкіндік көп. Соны түсіндіру, жан-жақты қолдау көрсету – міндетіміз. Жастар орталықтарында осы бағыттағы жұмыстар күшейтілсін, — деп тапсырды.

Тілге тиек етейік, Шымкентте осы жылдың басынан 1500-ден астам жас мамандықтары бойынша «Жастар практикасымен жұмысқа жолданған. Жыл соңына дейін жоспардағы 2650 жасқа жолдама беру көзделіп отыр.
Өткен жылы аталған бағдарламаға 2500 жас қатысса, олардың 1000-нан астамы тұрақты жұмысқа орналасқан.
Жалпы, «Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Бағдарламаға 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2020,2021,2022ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады.
Бүгінгі таңда бағдарлама жалақысы 30 АЕК көтеріліп 91 890 теңгені құрап отыр. Қатысу мерзімі 12 айға дейін ұзартылған.

«Аnyq.kz» – ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.