МАҚТААРАЛ МАҚТАНЫШТАРЫ

Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Серікбаев Мұратбек Төлепұлы Төле би ауданындағы «Тау самалы — Балдаурен» сауықтыру орталығында Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының «Балалар жылы» аясында ұйымдастырған КазРобоСпорт-22» облыстық байқауының және Түркістан қаласындағы Назарбаев интелектуалды мектептерінің ұйымдастыруымен өткен «World Robot Olympiad – 2022» сайыстарының жеңімпаздарын марапаттады.
Аталған байқауларда Мақтаарал ауданының намысын қорғаған №5 мектеп — гимназиясынан құралған командалар жүлделі I, II және III орындарға ие болды. Осы орайда бөлім басшысы М.Серікбаев осы жылдың 29-30 маусым аралығында өтетін байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алған жеңімпаз оқушыларға сәттілік тілеп, алдағы уақытта да жеңіспен оралатындарына үлкен сенім білдірді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.