«Мектебіңе домбыра сыйла» акциясы Сауранда жалғасын тапты!

Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Домбыра – қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, болмысы деп айтуға болады. Бүгінгі күні Қазақстанның облыс орталықтарында, қала, аудандар мен ауылдарда домбыра мерекесі тойланып жатыр.

«Мектебіңе домбыра сыйла» акциясын эстафета ретінде келесі ауданға жолдау шарасының домбыра күнінде белгіленуі жайдан-жай емес. Бұл шара өскелең ұрпақтың қасиетті домбыраға, ұлттық құндылықтарға деген құлшынысын арттыра түсері сөзсіз.

Түлкібас ауданы әкімдігінен шақырту алғаннан кейін, Сауран ауданы әкімінің орынбасары мен Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы бастаған бір топ әріптестер жолға шықты.

Ниет: «Мектебіңе домбыра сыйла» акциясының эстафетасын алу, игі істің жалғасын табуына қолдау көрсету.

Олар мәдениет үйінде өткен мерекелік іс-шараның куәгері болды. Шара барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов мырза мен мәслихат хатшысы С.Сейсенбаев аудан халқын құттықтап, белсенді атсалысқан азаматтарды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Жиын соңында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері мен бүлдіршіндер әнмен шашу шашып, бимен безендіріп, күмбірлеген күймен көмкерді.

Құндылықтарды дәріптейтін акцияның идесына қанат бітіріп ұйымдастыруда белсенділік көрсеткен  Акмарал Бурлибаева, Түлкібас ауданы әкімдігінің азаматтарына алғыс айтты!

 

«ANYQ.KZ»- ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.