Түлкібас ауданы: Мектепке 40 домбыра сыйлады

«1 маусым — Балаларды қорғау күні» мен «Балалар жылына» орай ұлттық аспабымыз домбыраны кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында «Мектепке домбыра сыйла!» акциясы аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты.
Игі шараға аудан әкімі Нұрлан Байғұт, мәслихат хатшысы Сәдуахас Сейсенбаев, мәслихат депутаттары мен осы мектептен түлеп ұшқан түлектер қатысып, акцияға өз үлестерін қосты.
Аталған іс-шара барысында Ұрбұлақ мектебінен кейін эстафета тізгінін ұстаған Тұрар Рысқұлов мектебіне 40 домбыра сыйға тартылды.
Мерекелік жиында мәслихат депутаттары және басқа да қонақтар ыстық лебіздерін білдіріп, Т.Рысқұлов мектебінің директоры Е.Мақашев игі шараны эстафета ретіне Б.Момышұлы мектебіне тапсырды.

«Anyq.kz»- ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You