МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы
«Мектепке жол» жалпы облыстық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша брифинг өткізді.
Спикерлер:
Нұрлыбаев Нұржан Мәдірайұлы — Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары.
Жанаева Ғалия Әмірәліқызы- Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының кәмелетке толмағандарды әлеуметтендіру бөлімінің бас маманы.
«Мектепке жол» акциясы аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған. Акция 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында жалғасатын болады.
Акцияның ұраны: Мектепке жол — Шекарасыз жақсылық.
Мұқтаж жандарға көмектесуді, сондай-ақ демеушілік көмек көрсетуге ниет білдіруші азаматтар болса, Басқарманың колл орталығына: 87076847100 байланыс телефонына хабарласа алады.
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.