
Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты
С.Адамбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде білім алушыларды қорытынды аттестаттау — мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған білім алушылардың оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында 6 маусым күні 9-сынып оқушыларының таңдау пәні бойынша «Қазастан тарихы», «Биология»пәндерінен қорытынды аттестаттау емтиханы өтілді. Жазбаша емтихан тапсырмаларының құрылысы: «Биология»пәнінен көп таңдауы бар 15 тапсырма, қысқа жауаптарды қажет ететін 4 тапсырма.Максималды балл саны :50(білу және түсіну деңгейі -50%, қолдану-30%, жоғары деңгей дағдылары — 20%) , «Қазақстан тарихы» пәнінен бір таңдауы бар 15 тапсырма — 1 балл; қысқа және толық жауаптарды қажет ететін 5 тапсырма-1-6 балл; максималды балл саны-30,Емтихан уақыты 2сағат болды. Мемлекеттік емтиханға мектеп бітіруші 9 сынып оқушылары түгел қатысты.