«Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мектептің жөндеу жұмыстарына ата-аналар мен мұғалімдерден ақша жинауға болмайды», деп хабарлайды ANYQ.KZ ақпарат агенттігі. Бұл мәселе Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының да қатаң назарында тұр.
Оқу-ағарту министрлігі білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекованың айтуынша, мемлекеттік мектептер әкімдікке қарайды. Яғни, мектептерді жабдықтауға, материалдық-техникалық базасын нығайтуға, сондай-ақ ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен ақша бөлінуге тиіс.
«Сондықтан да ата-аналар мен мұғалімдерден мектепті жөндеуге ақша жинауға болмайды. Биыл сәуір айында білім министрлігінің арнайы бұйрығы қабылданды. Бұйрықта мұғалімдерді өз қызметіне тән емес жұмыстарға тартуға, олардан министрліктің 130-шы бұйрығында қаралмаған есептерді талап етуге болмайтыны нақты көрсетілген. Сондай-ақ педагогтер жұмыс барысында пайдаланатын қағаз немесе басқа да шығындарға өз ақшасын жұмсамауы керек», – деді Мелдебекова.
Егер мектепті жөндеуге ақша жинаса, құзырлы органдарға немесе білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің жергілікті департаментіне шағымдануға болады.
Құқық бұзу фактілері расталған жағдайда департамент қызметкерлері өздерінің консультативтік-кеңесші органында қарап, Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес шара қолданады.
Es muy difícil leer los correos electrónicos de otras personas en la computadora sin conocer la contraseña. Pero a pesar de que Gmail tiene alta seguridad, la gente sabe cómo piratear secretamente una cuenta de Gmail. Compartiremos algunos artículos sobre cómo descifrar Gmail, piratear cualquier cuenta de Gmail en secreto sin saber una palabra. https://www.xtmove.com/es/how-to-hack-gmail-account-without-password-and-track-other-email/
Lorsque vous essayez d’espionner le téléphone de quelqu’un, vous devez vous assurer que le logiciel n’est pas trouvé par eux une fois qu’il est installé.