АСТАНА. 1 маусым. АҚШ-тың Огайо штаты Цинцинатти қаласында хайуанаттар паркінің қызметкерлері 3 жасар баланың вольерге құлап кеткеннен кейін ондағы 17 жастағы Харамбе есімді горилланы атып өлтіргені қоғамның біраз қарсылық қозғалысын туғызды. Бұл туралы bloknot.ru ақпарына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Құрама Штаттарда жексенбі күні бірінші кезекте вольердегі горилла тұрған жерге құлап кеткен баланың ата-анасын жазаға тартуға шақырған петицияға 15 мыңнан астам адам қол қойды. Қауымдастық соңы жазықсыз аңның өлтірілуіне алып барған оқиғаның орын алуына себепші болғандардың әрекетіне ашу-ыза білдіреді.
«Горилла балаға ата-анасы қарамауынан қаза тауып отыр. Әйтпесе, ол вольерге құлап кетепес еді. Балаларына қарамаған ата-ана осы үшін жауапқа тартылуға тиіс», – делінген қозғалыс хабарламасында.
Еске сала кетейік, 29 мамыр күні Американың Цинцинатти қаласындағы хайуанаттар паркінің қызметкерлері Харамбе деген горилла тұрған вольерге 3 жасар бала құлап кеткеннен кейін маймылды атып өлтіруге мәжбүр болған. Қызметкерлер жануарды атып өлтіруге шешім қабылдағанға дейін 10 минут бойы ол баланы қолынан шығармай ұстап жүрген. Зоопарк қызметкерлері горилланы транквилизатормен атып, ұйықтатып тастауға батылдық жасай алмаған. Себебі, ол ұйықтаймын дегенше, балаға залал келтіріп тастай ма деп қорқыққан.
Талғат Райымбек.
908845 775926Black Ops Zombies […]some folks nonetheless have not played this game. It is hard to envision or believe, but yes, some folks are missing out on all of the fun.[…] 682295
543755 220590Thanks for all your efforts which you have put in this. quite fascinating information. 959643
400431 25963An intriguing discussion will probably be worth comment. I feel which you merely write a lot much more about this topic, it may become a taboo subject but generally consumers are inadequate to communicate in on such topics. To yet another. Cheers 224613