Келес: «Nur Otan» партиясы өз кандидаттарын ұсынды.
Конференцияға «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасы Есбаев Ақментай Үсенұлы, аудандық мәслихаттың хатшысы Тотиков Арын Орынбекұлы, облыстық мәслихаттың депутаттары, аудандық филиал қызметкерлері және делегаттар қатысты. Конференция жұмысын «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасы Есбаев Ақментай Үсенұлы жүргізді. Конференция жұмысына бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 42 делегаттың 38 қатысып, 4 делегат белгілі себептермен қатыса алмады.
Конференцияның күн тәртібінде 2021 жылдың 25 шілдеде өтетін Абай ауылы, Алпамыс батыр, Бірлік, Жүзімдік және Қошқарата ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауына «Nur Otan» партиясынан ұсынылатын кандидаттардың кандидатураларын бекіту туралы мәселе қаралды.
Конференция делегаттарының дауыс беру нәтижелеріне сәйкес 2021 жылдың 25 шілдеде өтетін ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына «Nur Otan» партиясынан Абай ауылы әкіміне Абдирахманов Ергали Тастемирулын, Алпамыс батыр ауылдық округі әкіміне Келимбетов Асылхан Бахтиярұлын, Бірлік ауылдық округі әкіміне Байгараев Нуржан Тажибайұлын, Жүзімдік ауылдық округі әкіміне Ботбаев Сабит Сыдықұлыны және Қошқарата ауылдық округі әкімінеБекмуратов Конай Алтынбековичтіңкандидатуралары Келес аумақтық сайлау комиссиясына тіркеуге ұсынылды.
ANYQ.KZ-ақпарат