
Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде ұлттық ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың ұлт үшін сіңірген еңбектерін зерделеп, ғылыми көзқарасы мен дүниетанымын қалыптастыру мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында «Ахмет Байтұрсынов – ұлтымыздың ұлы ұстазы» атты облыстық ғылыми жобалар байқауы өтті.
Байқау барысында жас зерттеушілер, тұлғаның ақындық қырына, тіл-әдебиет ғылымына қосқан өлшеусіз еңбегіне тоқталды. «А.Байтұрсыновтың ақындық әлемі», «А.Байтұрсынов және қазақ әдебиеті» және «А.Байтұрсынов – қоғам қайраткері» атты тақырыптарда ғылыми жобаларын қорғады.
Байқауға 15 аудандық және 9 мамандандырылған білім беру ұйымдарынан жалпы 62 оқушы қатысты.
«ANYQ.KZ»-ақпарат