«Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында Түркістан облысы білім беру мекемелерінің кітапханашылары мен педагогтеріне және білім беру мекемелерінің 5-10-шы сынып оқушылары мен колледж білім алушыларына арналған «KitapХАН@» кітап оқу жоба сайысы өткізілді

Түркістан облыстық Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен және Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының қолдауымен Республикалық «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында Түркістан облысы білім беру мекемелерінің кітапханашылары мен педагогтеріне және білім беру мекемелерінің 5-10 сынып оқушылары мен колледж білім алушыларына арналған «KitapХАН@» кітап оқу жоба сайысы өткізілді.
Әр апталық шығарылымда оқырмандар өздері оқыған кітаптарын дәріптеді. Апталық жеңімпаздар әр айда айлық сайысқа шығып отырды. Бүгінгі күнге дейін педагогтер арасында 28 апталық, 7 айлық шығарылым өтсе, оқушылар арасында 17 апталық, 5 айлық шығарылым өтті.
Жеңімпаздарымызға Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ комитеті демеушілігімен апталық, айлық, кезеңдерде қаржылай сыйлық беріп отырды және жыл жеңімпаздарына велосипедтер мен теледидарлар сыйға тарту етілді.
24-мамыр күні «KitapХАН@» кітап оқу жоба сайысының жылдық кезеңі өтті. Педагогтер арасында өткен жылдық сайыста жеңімпаз атанған қатысушылар:
1. Созақ ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі Ерманова Сәуле Тұрарқызы «Жыл жеңімпазы» атағын иеленді.
Қорғаған кітабы: С.Керімбай «Бейсен және Болмыс».
2. Отырар ауданы, Ө.Жәнібеков ат. №4 жалпы орта лицей — интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кәдірбек Балжан Қайратқызы жүлделі екінші орынды иеленді.
Қорғаған кітабы: І. Есенберлин «Ғашықтар».
3. Созақ ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дәулеталиева Сымбат Әлібекқызы жүлделі үшінші орынды иеленді.
Қорғаған кітабы: А.Дакуорт “Табандылық құштарлық пен төзімділік қуаты”
4. Төлеби ауданы, Қайнар жалпы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Туребаева Бағила Жанатқызы «Мұқият оқырман» номинациясын иеленді.
Қорғаған кітабы: А.Алтай “Көзжендет”
5. Ордабасы ауданы, Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Таубаева Венера Айжігітқызы «Талғампаз оқырман» номинациясын иеленді.
Қорғаған кітабы: С.Досжан “Үлкен үйдегі үрей”.
6. Төлеби ауданы, Алатау жалпы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тастанов Абдымуталы Жаңабайұлы «Үлгілі оқырман» номинациясын иеленді.
7. Созақ ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Сайлауова Айгерім Алтайқызы «Ойы ұшқыр оқырман» номинациясын иеленді.
Қорғаған кітабы: Отбасы хрестоматиясы “Логотерапия немесе өмірге құштарлық”.
Оқушылар арасында өткен жылдық сайыста жеңімпаз атанған қатысушылар:
1. Созақ ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Әпен Жібек Жазылбекқызы «Жыл жеңімпазы» атағын иеленді.
Қорғаған кітабы: С.Досжан «Қасірет пен Тағдыр».
2. Бәйдібек ауданы, Шаян көпсалалы мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы Болысбек Аяулым Бексеиқызы жүлделі екінші орынды иеленді.
Қорғаған кітабы: Т.Мәмісейіт «Тектінің кегі».
3. Ордабасы ауданы, С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Тоқташ Гүлдана Маратқызы жүлделі үшінші орын иеленді.
Қорғаған кітабы: Дәлелбек батыр «Тастандының тағдыры».
4. Сауран ауданы, Т.Айтжанов атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Серікбай Назгүл Бағдатқызы «Зерек оқушы» номинациясын иеленді.
Қорғаған кітабы: Д.Роулин «Гарри Поттер мен Жасырын бөлме».
5. Ордабасы ауданы, А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Рысбек Ұлназ Нөкербекқызы «Зейінді оқушы» номинациясын иеленді.
Қорғаған кітабы: С.Көбеев «Мен оқытушы».
Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.