Оқушылар сарайында ерекше жоба қолға алынды

“Ісмер ана” жобасының қатысушыларына тігін курсын тәмамдағанын растайтын сертификат берілді.
✨«Ісмер ана» курсына көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен, жұмыссыз аналар қатыса алады. Жоба мақсаты аналардың жаңа дүниеге деген қызығушылықтары мен құлшыныстарын арттырып, жеке кәсіп ашуына мүмкіндік беру.
☀️Курс барысында аналар киім пішіп, қажетті бұйымдарды тігіп үйренді. Қазіргі таңда тігін курсын 20-ға жуық әйел тәмамдады.
✔️Жоба қатысушыларын Түркістан Оқушылар сарайының директоры Индира Сарқытқызы салтанатты түрде марапаттап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
🌟«Ісмер» ана курсына қатысушы аналардың пікірі:
🌸Бекжігітова Роза
«Мен «Ісмер ана» жобасын курсқа қатысқан танысымнан естіп, келдім. Тігін тігуді, тоқыманы жас кезімнен үйренгім келетін. Жобаға қатысқалы өзім шапан, көйлек тіге бастадым. «Ісмер ана» жобасы үйде отырған аналарымызға мотивация беріп, отбасын асырауға және өмірге деген құлшынысын арттыруға үлкен көмек. Жобаны ұйымдастырушысы Оқушылар сарайының директоры Индира Сарқытқызы мен тігінді үйретуші Ақмарал Серікқызына алғыс білдіремін».
🌸Кулманова Алтынай Маратовна
«Оқушылар сарайындағы үйірмелерге балаларым қатысады. Күнделікті қандай іс шаралар болып жатқанын білу үшін сарайдың Instagram парақшасына тіркелдім. Бір күні стористен «Ісмер ана» атты жобаның басталғаны туралы хабарды байқап, хабарласып көрдім. Осылай мені курсқа жазып, бір жарым ай көлемінде тігін тігуді үйрендім. Бұл жобаның ерекшелігі кезінде жоғарғы оқу орнын бітіре алмаған аналардың жеке кәсібін көмектесетіндігі. Шыны керек көп дүниені білмейді екенмін. Біртіндеп үйреніп, заманауи үлгідегі шапан тігіп шықтым. Жоба ұйымдастырушыларына, тігінді үйреткен ұстазыма алғысым шексіз!»
🌸 Наймантаева Ханшайым
«Бұл жобаға жоғары деген баға беремін. Тігін тігуді үйреткен ұстазымызбен ұйымдастырушыларға алғыс білдеремін. Алдағы уақытта жаңа жобалар бастау алса, көмек қолын созуға дайынмын!»
🌸Агайдарова Акмаржан
«Бүгін біздер «Ісмер ана» жобасы бойынша сертификатымызды алдық. Курс барысында жаңа дүниелерді үйреніп, кейде тіккен затымызды қайта сөгіп тіккен сәттерде болды. Оның өзі де бізге үлкен сабақ болды. Бұл тігін курсы менің бала күнгі арманымды орындады».

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.