«Балалар жылы» аясында Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Облыс тарихы» атты керуен-шеруінің алғашқы күні «Қаратау жотасындағы сырлы Созақ» ұранымен
Түркістан – Созақ → бағыты бойынша: Тамыры терең, тарихқа бай сырлы өлкедегі «Баба түкті шашты Әзіз» кесенесі, Қарабура кесенелеріне барып, шежірелі тарихпен танысып, рухани нәр жинады. Жол бойы жақсы көңіл-күйде, әсем әуен тыңдап, сол өңірдің керемет табиғатымен танысып отырды. Түскілік уақытта Шолаққорған ауылы Т.Әлімқұлов атындағы 14 мектеп-интернатында ас ұсынылды. Шерулеткен күйде Түркістан қаласы С.Ерубаев мектеп-интернатына яғни жатын орынға келіп орналасты.