
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Сол қазынаның жақсы азамат болып өсуіне отбасымен қатар, балабақшада алған тәлім-тәрбиесі де зор рөль ойнайды.
Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім саласында заманауи педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналды. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Мектепке дейінгі мекеме балаларына үздіксіз тәрбие мен білім беру келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына тікелей әсер ететін балабақша мен тәрбиешілері. Облыстық білім басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, Түркістан облысында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымының саны 1363-ке жетіп отыр. Оның: 267-і мемлекеттік. Мемлекеттік балабақшаларда 35663 бала тәрбиеленуде.
Облыста 1007 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Онда 115201 бала баруда.
Сондай-ақ, 89 мектеп жанынан ашылған шағын орталық бар. Онда 3653 бала тәрбиеленеді. Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең болып келеді. Өйткені осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды. Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс соншалықты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұрпақ балабақшадан мектепке дайын шәкірт болып шығатыны айтпаса да белгілі. Ендеше, облысымыздағы балабақшалардың саны артып, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер балабақша тапшылығын сезінбейді деген ойдамыз.