ОБЛЫСТЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде 2022 жылғы 17 маусымда білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі консультациялық-кеңес отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде «Тұран-555» (Сарыағаш қаласы), Сауран ауданының №13 жалпы орта мектебінің, «Арыстанбаб» жоғары колледжі» (Сарыағаш қаласы), «Түркістан Болашақ» жоғары көпсалалы колледжі» (Түркістан қаласы) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің бастауыш, негізгі орта, жалпы, техникалық және кәсіптік білімнің, орта білімнен кейінгі білім беру оқу бағдарламалары бойынша лицензия және лицензияға қосымшаларға өтініштері қаралды.

Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен реттелген.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар — үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері, педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы, оқу және көркем әдебиеттің кітапханалық қорының туралы, медициналық қызмет көрсетудің болуы туралы, оның ішінде медициналық пунктінің және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы, санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің болуы туралы, пайдалы оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы, білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқыту құралдарының болуы туралы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдай жасалған туралы мәліметтер, мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы және т.б.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар — оқытудың толық кезеңіне әзірленген қазақ және орыс тілдерінде дайындалатын мамандықтар біліктіліктері бойынша оқу жұмыс жоспарының көшірмелері, педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы, Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы, медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің және медициналық қызметке берілген лицензияның болуы туралы, санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы, пайдалы оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы, Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы, 5 жыл ішінде педагогтердің біліктілігін арттыру туралы мәліметтер көлемі кемінде 180 сағат; денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін көлемі кемінде 108 сағат; білім беру ұйымдарының басшылары үшін 5 жылда кемінде бір рет біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларына сәйкес және оқытылатын пәндердің/модульдердің бейіндері бойынша біліктілікті арттыру туралы, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі туралы мәліметтер және т.б.

«ANYQ.KZ»- ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.