Ордабасы ауданы: «Ауыл аманаты» бағдарламасы отбасылық кәсіпке нақты қолдау болды

Расы керек, «Ауыл аманаты» бағдарламасымен жүзеге асқан жобалар ауыл экономикасына оң серпін беріп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосуда. Мемлекеттік қолдаудың арқасында еңбеккерлер ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеріп, тұрақты табыс көзіне айналдырып келеді. Бұл көптеген шаруашылық иелерінің мысалында айқын көрініс тапты.

Солардың бірі — Ордабасы ауданына қарасты Шұбар елді мекенінің тұрғыны Берік Пірәлі. Ол 7 200 000 теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, жылқы бордақылау ісін бастады. Осы қаражат есебінен 18 бас жылқы сатып алған. 18 тонна шөп пен арпа қорын толықтырған. Қора-жайды жөндеп, қажетті құрал-жабдықтарға 1,3 миллион теңге жұмсаған.

Бүгінде шаруашылық ай сайын табыс әкеле бастады. Жылқы бордақылаудың орташа айналымы — 90-120 күн аралығында. Осы кезеңде әр малдан 70-90 мың теңге пайда түседі.

Беріктің айтуынша, кәсіп басталғалы отбасының тұрмысы жақсарып, табыс тұрақты арнаға түскен. Кәсіптің тиімді тұсы — еңбекті еселеп, табысты көбейте беру мүмкіндігінде.

Алдағы жоспар ретінде Берік Пірәлі мал басын 50 басқа дейін көбейтуді һәм шағын жемшөп қоймасын салуды, соныман қатар қосымша бірнеше адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You