Ордабасы ауданында күзгі ағаш отырғызу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

Ауданда көгалдандыру мен абаттандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Мәселен, аудан орталығындағы Темірлан–Шымкент жолының бойында орналасқан, жалпы аумағы 1 гектарды құрайтын, толықтай қоршалған жер телімі арнайы көгалдандыру алаңы ретінде дайындалған болатын.

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың тапсырмасымен аудандық сенбілік ұйымдастырылып, әкімдік пен дербес бөлімдердің қызметкерлері, мекеме ұжымдары мен жергілікті тұрғындар белсене қатысып, аталған алаңға 1350 түп ағаш көшеті отырғызылды.

Бұл игі бастама аудан көлемінде экологиялық мәдениетті арттыруға, жасыл желекті аймақтарды көбейтуге және табиғатты қорғау шараларын жандандыруға бағытталған.

Сонымен қатар бүгін экологиялық мәдениетті дамытуға және табиғатты көркейтуге бағытталған кең ауқымды ағаш отырғызу акциясы аудан орталығымен қатар барлық ауыл округтерінде жалғасын тауып, тұрғындардың белсенді қатысуымен жүзеге асырылды. Нәтижесінде, Темірлан ауылынан бөлек елді мекендер аумағында жалпы 8 420 түп жас тал отырғызылды.

Сонымен қатар, «Темірлан Абаттандыру» мекемесі де өз аумағында белсенділігін көрсетіп, 130 түп туя, 11 қызыл каштан және 8 Сирия ротасы, барлығы 151 түп қосымша ағаш көшеттерін екті. Әрбір қатысушы акцияға үлкен жауапкершілікпен қарап, туған жердің экологиялық келбетін жақсартуға өз үлесін қосты.

Айта кетейік, егілген ағаштардың барлығы аудан аумағындағы тұқымбақтарда өсірілген, жергілікті топырақ пен климатқа бейімделген көшеттер саналады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You