
Бүгін аудан әкімдігінде кәсіпкерлер мен шаруаларға несие беру шарттарын түсіндіру бойынша мәжіліс өтті.
Жиынға «АТАМЕКЕН» ҰҚП Ордабасы аудандық филиалының директоры Сейдахмет Бердімұратов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ менеджері Ербол Орынбетов, «ҚазАгроҚаржы» АҚ менеджері Марат Сапарбеков, «КазКИОТИ» ЖШС өкілдері Руслан Балшиев және Нұрсұлтан Мұратов, сондай-ақ «ЫРЫС» МҚҰ аймақтық менеджері Абылай Жамәділ қатысты.
Мәжілістің негізгі мақсаты аудан кәсіпкерлері мен шаруаларына ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алу және жеңілдетілген несие рәсімдеу шарттарын түсіндіру болды. Жиында ұйымдар тарапынан ұсынылатын несие түрлері мен талаптары жайлы баяндадалды, агротехника лизингінің тиімді жолдары таныстырылды, аймақтық кәсіпкерлерге арналған жеңілдетілген несие шарттарын түсіндірілді.
Жиын барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға сала қызметкерлері толыққанды жауап берді. Сонымен қатар, жекелеген мәселелер бойынша кіші залда жеке қабылдау ұйымдастырылып, шаруалардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
