Ордабасы ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізілді

Loading

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында, 2025 жылдың 6 қарашасы күні Ордабасы ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерінің қатысуымен Ордабасы аудандық «Мансап орталығының» қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.

Бақылаушылар «Мансап орталығы» қызметінің қалыпты жағдайда жүріп жатқандығына және мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалғанына көз жеткізді. «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» қажетті техникамен толық қамтылған. Алдағы уақытта халыққа «Мансап орталығы» тарапынан мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақтылы көрсетілуі аудан әкімі аппараты тарапынан үнемі бақылауда болады.

Ал кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарға» сәйкес, «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға кәсіпкерлер қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында азаматтарға кәсіпкерлік саласындағы рұқсат құжаттарын, лицензия алу тәртібін, бизнесті дамытуға және қолдауға арналған мемлекеттік гранттар мен бағдарламаларды пайдалану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, заңнамадағы жаңалықтар мен салықтық режимдер туралы мәлімет беріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды.

Сөз соңында атап өтер тағы бір мәселе, бүгін Ордабасы ауданының прокуратурасы аудан белсенділерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесудің негізгі мақсаты өзекті әлеуметтік мәселелерді бірлесе талқылап, шешу жолдарын қарастыру болды.

Іс-шараға аудан прокуроры Абзал Қыдырбай мен аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз, ауыл округтерінің қызметкерлері мен дербес бөлім басшылары қатысты.

Жиын барысында қатысушылар ауылдардағы өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешу бойынша хаттамалар түзілді. Сонымен қатар, жиын соңында аудан прокуроры Абзал Айғабылұлы азаматтарды жеке қабылдап, құқықтық кеңес берді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You