
Ордбасы ауданына қарасты Бөржар ауылдық округінде балаларды кітап оқуға баулу мақсатында ерекше акция өтуде. «Кітап оқы да қозыны сыйлыққа ал!» бастамасы көп кітап оқыған балаларды ынталандыру үшін өтуде,- дейді ұйымдастырушылар.
Іс-шараны аудан әкімінің идеясы негізінде округ әкімі жүзеге асыруда. Округ әкімі Серғали Асанұлының сөзінше, демеуші ретінде ауыл тұрғындары тартылыпты. Балаларды кітап оқуға ынталандыру мақсатында өтіп жатқан шара асында шілде айында 3 балаға қозы сыйға беріліпті. Және бұл шара әрмен қарай жалғасын таба бермек, яғни жазғы демалысты тиімді пайдаланып, кітап оқудан бас алмайтын балақайлар осындай сылыққа ие болмақ. Серғали Құрымбеков тамыз айында 5 қозы сыйға тартылатынын айтып отыр. Ал сыйды кім алатынын аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы берген тізім арқылы таңдалады.
971075 215879I believe so. I believe your write-up will give those people a great reminding. And they will express thanks to you later 172494