
Жаз айлары — мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Ордабасы ауданы бойынша 2022 жылдың 11 шілдесінен, «Біркөлік шатқалы» жазғы сауықтыру лагерінде Д.Қонаев, Ә.Молдағұлова, Жусансай, Тоқсансай, Б.Нұрлыбеков, Достық, Ынтымақ жалпы орта мектептері мен Парасат бастауыш мектебінен 250 оқушы демалуда. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмаханбетқызы, лагердің маусымдық ашылу кешіне қатысып, демалушы оқушыларға демалысты жақсы өткізуіне тілек білдірді
