
Педагогикалық шеберлік орталығы Шымкент қ. филиалы мен Облыстық білім беруді дамыту орталығы арасында кездесу өтті.
ПШО директоры Жанар Сәкімбекқызы мен Орталық директоры Бақытжан Нұрмаханбетұлы екі мекеме арасындағы жұмысты бірлесіп атқару жөнінде уағдаласты.
Кездесу барысында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы бойынша бірлесіп атқаратын жұмыс жоспары талқыланды.
Біліктілігін арттырған педагогтердің облыстық базасы құрылып, оған сараптама жүргізіп, курсқа педагогтерді жүйелі жіберу мәселесі кеңінен қаралды. Сонымен қатар курстан кейінгі сүйемелдеу жұмыстарын ортақ ұйымдастыру да көтерілді.
Ең бастысы облыс әдіскерлерінің біліктілігін арттыру бойынша ортақ келісімге келді. Келесі айда арнайы курс жоспарланып отыр.