Түркістан: Пәкістандық ұйыммен меморандум жасалды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне Пәкістан Ислам Республикасының OIC-COMSTECH Халықаралық ұйымының басшылары және ғалымдары келді. Мәртебелі меймандарды университеттің Қаржы және Халықаралық байланыстар вице-ректоры Пусат Пилтен ыстық ықыласпен қарсы алды. Вице-ректор құрметті қонақтарға университетке арнайы ат басын бұрғаны үшін алғысын білдірді. Кездесуде Мұхаммед Мұртаза Нур мырза бастаған пәкістандық делегацияға университті және оның мүмкідіктерін таныстырылды.
Сонымен қатар, Пусат Пилтен Пәкістанның орны мен рөліне тоқталып, елдің білім беру мекемелерімен ынтымақтастық аясында жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді.
Елімізге келген қонақтар ыстық ілтипат пен қонақжайлылық үшін айрықша алғыс білдірді. Жүздесу еркін форматта, сұхбат түрінде өрбіді. Қонақтар сауал беріп, пікірлерін ортаға салды.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Жүздесу қорытындысында вице-ректор Пусат Пилтен қадірменді қонақтарға Ясауи бабамыздың мөрі бейнеленген кәдесый тарту етті. Пәкістандық делегация да өз сыйлықтарын табыстап, ризашылықтарын жеткізді.

Ad Widget

Recommended For You