Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы педагог мамандар үшін бос орындар конкурсын жариялады

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы педагог мамандар үшін бос орындар конкурсын жариялады. Мұғалім тапшылығы бар өңірлердегі білім сапасын арттыру мақсатында Түркістан облысына білікті де ынталы мұғалімдерді, сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындарында педагогикалық мамандықтардың үздік түлектерін жұмысқа шақырамыз. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер тиісті құжаттарды жинақтап, компьютерлік тестілеуден өтеді. Құжаттар sanat.obl@mail.ru электронды поштасына 26 маусымға дейін қабылданады. Конкурстық іріктеуден өткен және арнайы бағдарламаға қатысушы оқытушыларға, жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектеріне — лауазымдық жалақысының 150% мөлшерінде есептелген қосымша төлемді қамтитын кешен ұсынылады. Конкурсқа қажетті толық ақпаратты +77076847100 нөміріне хабарласып білуге болады

Ad Widget

Recommended For You