Жаз маусымы басталып, оқушылар мен студенттер демалысқа шыққан уақыттарында жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын мекемелер мен органдардың жұмысы екі есе көбейеді.
Сайрам ауданында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Шараның мақсаты – кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта жүруін болдырмау, қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу және жасөспірімдердің құқықтарының бұзылмауын қадағалау.
Рейдтік шарада полиция қызметкерлерімен бірге Сайрам аудандық Жастар ресурстық орталығының қызметкері аудан орталығындағы барлық ойын-сауық орындарды, жасөспірімдердің көп жиналатын орындары мен көшелерді аралап, сағат 22:00-ден кейін жүрген жасөспірімдер анықталып, балаларының ойын-сауық орталығында болуына жол бергені түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп дана халқымыз айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасап отырса, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың азаяры сөзсіз.
Құрметті ата-аналар! Баланың бей-берекет түнгі мезгілде көшеде болмауына қадағалау жасауларыңызды сұраймыз.