Республикалық форум өтті

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі әдістемелік қызметтің және бизнестің өзара әрекеті – әріптестер диалогы» тақырыбында республикалық форум өтті
«TALAP» КЕАҚ 2022 жыл 9 маусым күні Алматы қаласы «Алматы облысының Қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі» МКҚК базасында техникалық және кәсіптік оқытудың жаңартылған мазмұны бойынша білім беру мен бизнестің ашық диалогын құруға бағытталған әдістемелік жұмысты ұйымдастыру барысында инновациялық тәсілдерді көрсету мақсатында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі әдістемелік қызметтің және бизнестің өзара әрекеті – әріптестер диалогы» тақырыбында республикалық форум өткізді.
Форум жұмысына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың білім басқармалары жанындағы әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, әлеуметтік әріптестердің/бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.
Форумда «Әдістемелік жұмыстағы менеджмент», «Колледж бен бизнестің өзара әрекеттесуіндегі әдіскердің рөлі», «Инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету жағдайында жұмыс істейтін педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу», «Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің «жұмсақ дағдыларын»» (soft skills) дамыту» бағыттарында төрт секцияның жұмыстары көрсетілді және ашық диалог алаңында «TALAP» КЕАҚ Вице-президенті Татибеков Санжар Мейірханұлы «Білім басқармасының әдістемелік кабинеттері мен ТжКББ ұйымдарының кадрлар даярлаудағы рөлі» тақырыбында сөз сөйлеп, Түркия, Беларусь, Бурятия Республикаларынан қатысқан әріптестермен бірге орта кәсіптік білім беру жүйесінде білім беру процесін ұйымдастыру, педагогтерге көрсетілетін әдістемелік көмек туралы өзара пікір, тәжірибе алмасу болып өтті.
Республикалық форум қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданып, оның ішінде Білім басқармалары мен ТжКБ ұйымдарының әдіскерлеріне: өзінің басқарушылық және цифрлық құзыреттерін жетілдіруге; ТжКБ ұйымдарының педагогтарында жұмсақ дағдыларды (soft skills) қалыптастыру бойынша жұмысты жандандыру; ТжКБ ұйымдары мен стейкхолдерлердің өзара іс-қимылының инновациялық әдістерін қолдана отырып, әдістемелік жұмысты ұйымдастыру нысандарын әртараптандыру; ТжКБ ұйымының оқу-тәрбие процесіне инклюзивті білім беруді іске асыру бойынша практикалық тәжірибені енгізу; педагогтердің курстан кейінгі іс-шараларын тиімді іске асыру үшін біліктілікті арттыру курстарының тренерлерімен байланыс орнату. Форум жұмысына қатысқан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері көптеген мағлұматтар алып, әдістемелік сүйемелдеудің практикалық жұмыстарымен танысып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

5 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.