РОБОТОТЕХНИКА — БОЛАШАҚТЫҢ БАҒДАРЫ

Бүгінгі таңда робототехника өмірімізге дендеп ене бастады. Сарапшылар алдағы 20 жылда адам атқаратын жұмыстардың тең жартысын роботтар атқаруы мүмкін деген жорамал айтуда. Робототехника автоматтандырылған техникалық жүйелерді құрумен айналысатын қолданбалы ғылым болып саналады. Робототехника бағдарламалау және механика сияқты пәндерге негізделеді. Қазіргі уақытта оқу орындарында факультатив және элективті курстарда » Робототехника негіздері» пәні енгізілуде.
Ахмет Ясауи Университеті қарасты Ахмет Ясауи Колледжінде 2020-2021оқу жылынан бастап «Техник-бағдарламашы» мамандарына «Робототехника» пәні оқытыла бастады.
Оқу орнымыздың командасы 2021 жылы Көкшетау қаласында өткен WorldSkills ұлттық чемпионатында жүлделі орыннан көрінсе, биыл тағы да облыстық WorldSkills-2022 чемпионатында топ жарып, қараша айында өтетін ұлттық чемпионатқа жолдаманы жеңіп алды..

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.