2019 жылдың 12 айында 231 тексеру мен талдау нәтижесінде 36 854 тұлғаның конституциялық құқықтары қорғалып, 825 тұлға түрлі жауаптылыққа тартылған, мемлекетке 585 млн. теңге өндірілген. Бұл туралы бүгінгі баспасөз брифингінде қоғамдық мүдделерді қорғау саласына тоқталған қала прокурорының орынбасары Мұхамеджан Бахтияр мәлімдеді.
Өткен жылы прокуратурамен жалпы сомасы 6,5 млрд. теңгеге салық төлеуден жалтару мақсатында 31 «бір күндік фирмалар» арқылы жалған шот-фактураларды жүзеге асырумен айналысқан қылмыстық топ құрықталған. Нәтижесінде прокуратура бастамасы негізінде басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері бойынша мемлекетке 88 млн. теңге шығынды өндіру қамтамасыз етілді.