ШЫМҚАЛАДАҒЫ ТҰРҒЫНАЛАПТАРДА АРЫҚ-АТЫЗДАР ҚАЗЫЛУДА

Тоғыс, Маятас, Бадам-1 тұрғын алаптары мен Шаңырақ шағын ауданында 1,6 шқ құрайтын арықтар қазылуда. Екі ай бұрын басталған жұмыс қазан айында аяқталады. Сонымен қоса, Маятас тұрғын алабындағы Қ.Нысанбайұлы көшесі бойына ирригациялық науалар орнатылуда

Былтыр аудан аумағында 13 мекенжайда 3,3 шқ ирригациялық арықтар орнатылған. Ал биыл жауын-шашын шамадан тыс жауып, 52 мекенжайда су көлдеген. Су басуды алдын-алу үшін бірінші кезекте 7,3 шқ құрайтын 21 нысанға ирригациялық жүйелер салу жоспарланды. Қазірге дейін 14 мекенжайда жалпы ұзындығы 5,3 шқ болатын арықтар орнатылып, бітуге жақын.

Қалған 31 мекенжайға ирригациялық жүйелер 2023-2025 жылдар аралығында жүргізіледі.

  • Тоғыста инфрақұрылым жаңғыруда. 7500-ге жуық халық тұратын елді мекенде мектеп, балабақша, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, спорт және балалар ойын алаңшасы, тағы да басқа әлеуметтік нысандар қарастырылған. Дегенмен атқарылуға тиіс біршама жұмыстар бар. Солардың бірі — ұңғыма салу. Бұл өз кезегінде Тоғыс, Айнатас, Елтай елді мекеніндегі 11 мыңға жуық халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды. Тоғыстан 73 метрлік су ұңғымасы қазылып, болат құбырлар салынуда.

Жалпы Тоғыста ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 98,5 % құрайды. Сол сияқты электр жарығын тұтынушылар да 99%. Биыл 11 абонентті жарықпен қамту үшін жаңадан бағаналар орнатылып, электр желілері тартылды.

Табиғи газбен қамтылу көрсеткіші де 98% құрайды, тек жаңақұрылыс аумағындағы 31 тұтынушының мәселесін шешу үшін келесі жылы жобалық сметалық құжаты әзірленеді.

Мұндағы жолдарға да назар аударудамыз. Былтыр 2 көше “Ақмая”мен “Айыршық” орташа жөндеуден өтсе, биыл 4 көшеге асфальт төселді. Жалпы мұнда 18-көше бар.

  • Тоғыс елдімекенінде

15 000-нан астам халыққа қызмет көрсететін «Togus-med медицина орталығы» — жеке инвестиция есебінен ашылуда. Нәтижесінде Тоғыс, Елтай, Жыланбузған, Маятас, Айнатас халқы осында келіп ем ала алады.

Орталықтың бір ауысымдағы сиымдылығы — 200 адам

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *