Шымкентте дәстүрлі өнер байқауының жеңімпаздары марапатталды. «Рухани жауһарлар» республикалық дәстүрлі әншілер мен термешілер байқауы өз мәресіне жетті.
Алғаш рет ұйымдастырылған шараның мақсаты ел тарихынан сыр шерткен қазақ фольклорын бүгінгі буынға қайта жаңғырту, болашаққа аманат ету болатын.
Жоба авторы Анаргүл Сулееваның сөзінше, ол ұмыт болып бар жатқан өзіміздің дәстүрлі ән-термелерімізді жаңғыртып, оны насихаттауды көздепті. Қазіргі өскелең ұрпаққа өзіміздің кереметтей қоңыр үнді домбыраның дауысын, терменің өзіндік мақамын насихаттап, қайта тірілтуді ойлаған.
Сонымен, 2 күнге жалғасқан сайыс нәтижесінде дәстүрлі ән бойынша А.Ермекбаева, Ә.Бекниязов, Б.Нуриддинұлы, Б.Айтахметов, Н.Жуасбеков арнайы номинацияның иегерлері атанды. Осы ән дәстүрі байқауында ІІІ орынды А.Дәуен, ІІ орынды А.Сағындық, І орынды О.Жаңабаев ұтып алса, бас жүлде Қ.Сынабайға бұйырды.
Терме сайысында А.Рустамов, Д.Рахман, Ж.Жәнібек, А.Қонысбаева, Ж.Оспанқұлов арнайы номинациялық жүлделермен марапатталды. Терме айту жарысынан ІІІ орын К.Түрікпен, О.Құлсымақов, ІІ орын Ә.Мырзағалиев, Б. Көштаев, І орын Е.Құрасбек еншісіне тисе, гран-при жүлдесімен Р.Ахинбеков марапатталды.
Байқаудың жабылу рәсіміне қатысқан қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, жеңімпаздарды марапаттап, орын алған азаматтарды жеңістерімен құттықтады.
— Қазақтың дәстүрлі әншілік өнерінде 6 мектеп бар болса, соның ішінде Оңтүстік өңірінің де өзіндік өрнегі бар. Осы өнерді өскелең ұрпақтың бойына дарытып, осындай байқаулар арқылы насихаттап отыру — біздің міндетіміз. Өнер сайысына еліміздің түкпір-түкпірінен небір талантты жастар келіп қатысты. Олардың өнерін бағалаған әділ қазылар алқасы да кіл мықтылар. Қазақ барда оның ұлттық ән дәстүрі өлмек емес, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Өнер додасы марапаттау рәсімінен соң дәстүрлі әншілердің қатысуымен өткен гала-концертке ұласты.
Естеріңізге сала кетейік, жарысқа Қазақстанның барлық өңірінен 32 әнші-термеші қатысты. Олар байқауға дәстүрлі ән мен терме жанрлары бойынша 2 бөлімде өнер көрсетті. Сайысқа қатысушылар қазақ даласының 5 дәстүрлі өнер мектебінің мақамында өнер көрсетті. Термешілер мен әншілер 2 тур бойы өз өңірінің және оңтүстіктің мақамына салып бір-бір туынды орындады.
«Аnуq.kz»-ақпарат
A través del programa de monitoreo parental, los padres pueden prestar atención a las actividades del teléfono móvil de sus hijos y monitorear los mensajes de WhatsApp de manera más fácil y conveniente. El software de la aplicación se ejecuta silenciosamente en segundo plano en el dispositivo de destino, grabando mensajes de conversación, emoticonos, archivos multimedia, fotos y videos. Se aplica a todos los dispositivos que se ejecutan en sistemas Android e iOS. https://www.xtmove.com/es/how-to-track-and-read-someones-whatsapp-messages-calls-location/
Une fois la plupart des téléphones mobiles éteints, la restriction relative à la saisie d’un mot de passe incorrect sera levée. À ce stade, vous pouvez accéder au système par empreinte digitale, reconnaissance faciale, etc. https://www.mycellspy.com/fr/tutorials/how-to-find-out-your-wife-cell-phone-password/