САЙРАМ: БІЛІМДІЛЕР БӘЙГЕСІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Қазақстан Республикасының Пезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде «Жастарымыз, ең алдымен, зияткерлік қабілеті жоғары, ойы ұшқыр, еңбекқор болуы қажет. Қазір – ақыл-ой және дарын иелерінің заманы. Қазақстан да осы көштен шет қалмауға тиіс. Озық білім мен қажырлы еңбекті ұштастыра білсек қана еліміз өсіп-өркендейді. Көздеген мақсатына жетеді» деген болатын.

Сайрам ауданы жастарының бұл бағытта беталыстары жаман емес. Өткен жылдың соңында бастау алған «Эрудит» интеллектуалды ойыны осы сөзімізге дәлел.

Аталған жобаның негізгі мақсаты — дарынды жастарды анықтау, олардың танымдық қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейін көтеру. Сондай-ақ, интеллектуалды ортаны қалыптастыру.

Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығы» ұйытқы болып,«AMANAT» партиясы облыстық мәслихат депутаты Егамбердиева Динара Асылқызы және “Аманат” партиясы Сайрам аудандық филиалы тарапынан қолдау тапқан осынау игі бастама бүгінде жалғасын тауып отыр. Бұл жолы «Эрудит» интеллектуалдық ойыны республикалық деңгейде өтті. Зияткерлік сайысқа Түркістан облысының барлық аудан, қалалары мен Тараз, Шымкент қалаларынан келген 30-ға жуық команда қатысты. Топтық ойын түрінде өрбіген сайыста командалар білім мен біліктілік, пайым мен парасат, тапқырлық пен шапшаңдық қабілеттері бойынша сынға түсті.

Нәтижесінде Тараз қаласынан келген «Dream Team» командасы көш басынан көрініп, бірінші орынды және Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің атынан сынға түскен «Тұран» командасы екінші орынды, сондай-ақ Сауран ауданының командасы үздік үштіктен көрінді.

Сонымен қатар, «QazIQ Тараз» командасы мен Созақ ауданының командасы арнайы ынталандыру сыйлықтарға ие болды. Жүлдегер атанған командалардың барлығына арнайы дипломдар мен қаржылай сый-сияпаттар табысталды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.