САРЫАҒАШ: ЛАТЫН ӘЛІПБИІНДЕ ЭССЕ ЖАЗДЫ

Сарыағаш аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің жоспары аясында Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшу туралы арнайы жобасы негізінде курс тыңдаушылары, аудан тұрғындары арасында өтілген «Мемлекеттік тілім, рәміздерім- менің мақтанышым» атты тақырыбында аудандық эссе жазу байқауы өтілді. Байқаудың мақсаты қазақ тілді латын әліпбиінде емле-ережелерін сақтап, сауатты жазу барысында шығармашылық ойды дамыту арқылы жазу шеберлігін шыңдау барысында жалпы 32 үміткер эссе жазу байқауына қатысып, бақ сынасты. Қорытындылай келе 2022 жылдың 13 шілде күні аудандық кітапхана қызметкерлері арасынан үздік деп танылған 5 эссе жазу байқауының үміткерлері арнайы орталықтың Алғыс хатымен марапатталды.

Осы тұста айта кетейік, Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылғы 26 қазанда «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар бойғы арман-мұраты жүзеге асқан тарихи күн болды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев әліпбиіміздің жиі ауысқаны туралы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде атап көрсеткендей, 1929 жылғы 29 тамызда КСРО Орталық атқару комитеті мен КСРО Халық комиссарлары кеңесінің президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін енгізу туралы» қаулы қабылдады.

Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, ол кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Осылайша, қазақ әліпбиін өзгерту тарихи, негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді.

Жалпы, кириллицадан латын алфавитіне көшу – еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бері дүркін-дүркін көтеріліп келе жатқан мәселе. Ал ресми түрде ол Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінен басталады.

Сол жиында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген ел, соның ішінде посткеңестік кейбір елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес.

 

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.