
«Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» негізінде, демонстрациялық емтихандар туралы WorldSkills стандарттары талаптарына сай «№12 колледжде» 2022 жылға 5 шілде күні «Сән технология» құзыреттілігі, 1211000 – «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығының білім алушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқыту нәтижелері демонстрациялық емтихан түрінде бағалаудың жаңа жүйесі 19-36 бітіруші топ білім алушыларынан емтихан алынды. Демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін алаңдарын жабдықтауға, талап етілетін қажетті құжаттарды және шығыс материалдарын алдан ала дайындау үшін бірқатар жұмыстар атқарылды. Демоемтихан А – эскиз, В – модельдеу, С – бұйым тігу модульдерінен тұрды. Практикалық дағдыларды көрсету ұзақтығы 6 сағаттан аспайтын уақытты көздеді. Бағалауға кәсіпорынның тиісті қызметкерлері «Гауһар Нұр» ЖШС-ның басшысы Нурмаханова Зина, «Амина» ЖК басшысы Рузиева Фатима, арнайы пән оқытушысы Жиенбаева Ғалия сарапшы ретінде қатысып, түлектеріміздің практикалық дағдыларын, CIS (Competition Information System) жүйесінде критерийлер бойынша бағалап, ұпай нәтижелерін шығарды. Қорытынды бойынша демонстрациялық емтиханды сәтті тапсырған студенттер құзыреттілік паспортын алды, яғни дипломға қосымша Skills Passport кәсіби маманның электронды паспорты беріледі.
946483 89935There is noticeably a bundle comprehend this. I suppose you created specific nice points in functions also. 545301
84541 341699bless you with regard to the certain blog post ive genuinely been searching with regard to this kind of advice on the net for sum time these days hence with thanks 116745