
«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен Сарыағаш қаласы №12 колледж қызметкерлері мен студенттері Жалпыхалықтық сенбілікке шығып колледж ауласында санитарлық тазарту, ағаш түптерін, жол бардюрлерін әктеу іс- шарасына белсене араласты.
Тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.
Сенбілік барысында, ұстаздар студенттерге табиғатты таза ұстаумен бірге Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі туралы да айтып берді. Ол тазалыққа:
- «Қол тазалығы» – артық нәрсені алмау дегенді білдіреді. Сондай-ақ, кірістің біршама бөлігін мұқтаж жандарға бөліп беру еске алынады.
- «Құлақ тазалығы» – үрейдің құрсауында жүретін, ашуға берілгіш, ырымшыл адамдардың сөзіне құлақ аспау, бос сөздер мен өсекті сүейтіндерден бойыңды алыс ұстау дегенді білдіреді.
- «Көз тазалығы» – көзіңді кектен, ашу-ызадан, қызғаныштан, құмарлықтан сақтауды нұсқайды.
- «Ауыз тазалығы» – бұл дегенің ауызды артық сөзден және балағаттаудан тыю.
- «Тән және киім тазалығы» – дене мен киімді әрдайым тазалықта ұстау кез келген адамның міндеті.
- «Ой тазалығы» – басты негативті ойлар мен теріс ниеттерден тазарту, өзіңді аяудан алыс болу.
- «Жан мен жүрек тазалығы» – бұл өзіңнің ішкі сезімдеріңді кірлетпей, сақтау білу.
Осылайша студенттер табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастырып, көше тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудара отырып, өздері де біраз мәліметке қынық болды. Ұйымдастырушылар, шәкірт пен ұстаздың бірлесе еңбек етуі ұжымдық қарым-қатынас, бір-біріне деген сенімділікті арттыруға көмектеседі дейді.
5mg ED Week 4 12 lasix drug Although these tumors are called fibroids, this term is misleading because they consist of muscle tissue, not fibrous tissue
385391 820077Thanks for the post, was an fascinating read. Curious as to how you came about that solution 49820
969264 521611This really is sensible info! Exactly where else will if ind out far more?? Who runs this joint too? sustain the very good work 923045