Сарыағаш: Еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандарын дайындайтын оқу ордасы

Мамандық – әрбір адамның болашағы, сондай-ақ тіршілік  көзі болып табылатын сүйікті іс. Кез келген адам өз мамандығына құрметпен қарауға тиіс.Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

               Сонымен бірге, әр мамандықтың өзіні сай ерекшеліктері де бар.

Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала болмайды. Күні ертең мектеп бітіріп, жан-жаққа тарап, бірі жоғары оқу орнына түсіп, енді бірі еңбекке араласады.

№12 колледжде  мамандық таңдау бойынша мектеп түлектері үшін жағдайлар жасалған. Мамандық иесі болу үшін алдымен білім мен қабілет қажет. Өйткені білім арқылы адамның қабілеттілігі артса, ал қабілеттілік білікті маман болуыңа өз үлесін қосары анық. Бұл бағытта аталмыш оқу ордасының сан ғасырлық тәжірибесі бар. Айта кетейік, №12  колледж  Қаз ССР Министрігі Кеңесінің шешіміне сәйкес, халық депутаттары  Шымкент облыстық Кеңесі атқару комитетінің шешімімен 1973 жылдың 20 маусымында  суландыру жүйесінің механизаторы мамандарын дайындайтын №107 қалалық кәсіптік-училище болып ашылған.

1987 жылы №31 кәсіптік-техникалық училище болып өзгертілді.

1996 жылы 10 мамырда Оңтүстік Қазақстан облыстық білім департаментінің №495 бұйрығымен орта кәсіптік –техникалық училищеден №12 кәсіптік-техникалық мектеп болып өзгертілді.

2004 жылы №12 кәсіптік мектеп, 2008 жылы «№12 кәсіптік лицей» МКҚК болып қайта өзгертілді.

2012 жылдың 24 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің №394 қаулысымен «№12 колледж» МКҚК аталды.

Оқу корпусінің жалпы көлемі 2708 ш.м, шеберхана көлемі 2420 ш.м, жатақхана көлемі 4998 ш.м, тұрмыстық корпус көлемі 1585 ш.м, орталық қазандық көлемі 307 ш.м, ашық спорт алаңы -4000 ш.м және автокөлікте жаттығу алаңы (автодром) 15000 ш.м құрайды.

2017 жылдан бастап Рысбаев Ерлан Жақсыбайұлы колледж директоры болып ұжымды басқарып келеді.

Колледж 48 жыл бойы кәсіби-техникалық кадрларды даярлауда және  техникалық мамандықтарды таңдаған мектеп бітірушілердің басым бөлігі үшін тартымды болып табылады.

Колледждің білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті  Түркістан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті берген 2019 жылғы 21 ақпандағы KZ45LAA00014232 білім беру қызметімен айналысуға берілген мемлекеттік лицензиясы және Түркістан облысы Әділет департаментінде тіркелген колледж Жарғысы негізінде жүргізіледі.

      Егер 1973 жылы колледж «Ауылшаруашылығы суландыру механизаторы», «Тас қалаушы», «Ауыл шаруашылығы құрылысының шебері», мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырса, қазіргі таңда жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Тамақтандыруды ұйымдастыру»,  «Тігін технологиясы және киімді үлгілеу,» » Дәнекерлеу ісі,» «Слесарлық іс» , «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандықтары бойынша бүгінгі таңға дейін 12 мыңнан астам кадрлар дайындап ауданның экономикалық әлеуетіне үлес қосып келеді.

 

Колледж Білім беру қызметтерінің кешенін жүзеге асырады:

— ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының мазмұнына және мемлекеттік үлгідегі диплом беруге сәйкес ҚР мамандықтарының классификаторы шеңберіндегі білім беру қызметінің бағдарламалары;

— халықты жұмыспен қамту мақсатында оқыту және қайта даярлау бағдарламалары (республикада іске асырылатын бағдарламалар шеңберінде).

Колледжде оқу бюджеттік негізде, сондай-ақ күндізгі түрде жүзеге асырылады.  Оқыту мемлекеттік тілінде жүргізіледі.

Колледждің жобалық қуаты -720 орын.  Қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыс бойынша 387 студент оқып жатыр.

2020 жылы колледж лицензиялық талаптарға сәйкес мемлекеттік аккредиттеуден сәтті өтті. Колледждің инженерлік-педагогикалық құрамында жоғары білімді, білікті мамандар студенттердің бәсекеге қабілетті таңдаған мамандығының шыңына жету жолында талмай қызмет етеді.

  Бәсекеге қабілетті маман даярлау ісінде жемісті еңбек етіп, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне бағыштаған ұжым, сүбелі үлестерін қосып, ел тәуелсіздігі тұғырын бекемдеуге, ұлттық руһы асқақ, жасампаз еңбек пен білімді, өнер мен мәдениетті, салауатты өмір мен адамгершілікті мұрат, бірлік пен ынтымақты ардақ тұтқан тұлға қалыптастыру ісінде жемісті еңбек етіп келеді.

№12 колледждің тарихына үңілсек, адамзат ұрпағын тәрбиелеп, жұмысшы кадрлар дайындау – адамның ең басты борышы деп ұққан талай осы оқу ордасын басқарған басшылар бұл күнде бүкіл аймаққа мәлім. Бұл басшылар білім беру үдерісін дамытып, колледждің материалдық-техникалық базасын жарақтандырып, оқу қабинеттерін зертхана, шеберханаларын күшейтіп, көркейіп-гүлденуіне қосқан үлесі орасан зор.

Білім мекемесін басқарған тұлғалар

-Хегай С. 1973 жылы қыркүйек айынан 1975 жылдың маусым айына дейін училище директоры қызметін атқарған. 1975 жылы Қаз ССР-нің орталық комитетінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

-Болтенко В. 1975 жылдың қыркүйек айынан 1977 жылдың тамыз айына дейін училище директоры болып қызмет атқарған

-Джилкибаев Дулат Джилкибаевич 1980 жылдың қаңтар айынан 1987 жылдың наурыз айына дейін училище директоры болып қызмет атқарған. Дауылов Асылбек Сайфутдинович 1987 жылдың мамыр айынан 1992 жылдың ақпан  айына дейін училище директоры қызметін атқарған.  

-Серғазы Арғынғазы 1992 жылдың ақпан айынан 2004 жылдың шілде айына дейін кәсіптік мектеп директоры болып қызмет атқарған. 1961 жылы ВЛКЖО Орталық Комитетінің грамотасымен марапатталған. 1984 жылы «Қазақ КСРО-ның Халық ағарту ісінің үздігі» құрметті атағын алған. Облыстық мәслихаттың депутаты. Сарыағаш ауданының ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ.

-Сулейменов Мұстафа 2004 жылдың тамыз айынан 2005 жылдың наурыз айына дейін кәсіптік мектеп директоры қызметін атқарған. Қазіргі таңда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқаруда. Сарыағаш ауданының ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ.

-Джиенбаев СейтназарАбдуғаппарұлы 2005 жылдың наурыз айынан 2016 жылдың желтоқсан айына дейін колледж директоры қызметін атқарған. Джиенбаев Сейтназар басқарған жылдары колледждің материальдық-техникалық базаны нығайту аясында 2 компьютер сыныптары жабдықталып, 2 дана трактор, жүк көліктері және ауылшаруашылық техникалары алынды. Колледж ғимараттары толығымен күрделі жөндеуден өтті. ҚР БжҒМ-нің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, «Тәуелсіздікке 20 жыл» төсбелгілерімен марапатталған. Қазіргі таңда аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. Сарыағаш ауданының ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ.

-Рысбаев Ерлан Жаксыбаевич 2017 жылдың 4 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін №12 колледжді басқарып келеді. Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Мектепті бітірген жас түлекке мамандықтың үлкен әлемінде өз орнын табу қиынға соғады. Ол қоғамға қажетті және еңбек нарығының сұраныстары мен мүдделеріне сәйкес келетін мамандық таңдауы тиіс. Осындай күрделі таңдау жолында тұрған әрбір жасөспірімдерге мамандық таңдауда кәсіби бағдар беру көп көмегін тигізеді.

Кәсіби бағдар берудің басты мақсаты – оқушыларға оқу профилін таңдау туралы шешім қабылдауға қолдау көрсету. Біздің колледжіміз «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету»;  «Дәнекерлеу ісі»;  «Ауыл шаруашылық техникаларына техникалық қызмет көрсету, жөндеу»; «Аспаз ісі»; «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу»;  «Сән технологиясы құзыреттілігі»; «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандықтарын оқытады.

Техникалық және кәсіби білімді мамандар даярлау саласында сапалы білім мен саналы тәрбие беруде, еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыруға бағытталған, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыратын колледж

  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру;
  2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, білікті қызметкерлер мен мамандарды даярлауға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
  3. Экономиканың түрлі салалары үшін кадрларды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағытында жұмыс жасайды.
  4. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алуы қажетті жағдайлар жасау;
  5. Білім алушылармен кәсіптік бағдар жұмысын қамтамасыз ету;
  6. Теориялық оқыту, өндірісте оқыту мен еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әрқайсысына білімге негізделген өзінің жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйелерін дамыту;
  7. Кәсіби білім берудің қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне уақтылы бейімделуіне ықпал ететін оқытудығ жаңа технологияларын ендіру және тиімді пайдалану;
  8. . Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және өндіріс бойынша білім беру бағдарламаларын ықпалдастыру.

ЖАС ТАЛАПКЕР, дұрыс таңдау жасаңыз! №12 колледж МКҚК сіздерді оқуға шақырады.

Мектеп түлектері!!!

Мемлекеттік тапсырыс (грант) бойынша 2022-2023 оқу жылына мына мамандықтар бойынша талапкерлерді оқуға шақырады!

9-сынып бітірушілері үшін (оқу мерзімі 2 жыл 10 ай)

  • 3W07161302 – АВТОЭЛЕКТР ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН ЖӨНДЕУШІ ЭЛЕКТРИК
  • 3W07161303- КӨЛІКТЕРДІ ЖӨНДЕУ ШЕБЕРІ
  • 3W07320103- ҚҰРЫЛЫС ШЕБЕРІ
  • 3W10130302 — АСПАЗ
  • 3W07230102 — АРНАЙЫ ТІГІНШІ
  • 3W07150501 — ЭЛЕКТР ГАЗБЕН ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

11 сынып бітірушілері үшін (оқу мерзімі 10 ай) -3W07150501-ЭЛЕКТР ГАЗБЕН ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

-3W10130302- АСПАЗ

  • Оқу ғимараты Заманауи оқу-материалдық базасы (30 –  дан астам оқу кабинеттері);
  • Шеберхана (7 зертхана, 8  шеберхана,  2 компьютерлік сынып);
  • 2 спорт зал;
  • 2 ашық спорт кешені;
  • Кітапхана;
  • Думан зал;
  • Асхана;
  • Жатақхана.  

   Колледж шектеусіз лицензиясы    (KZLАА00014233) 2020ж.  Мемлекеттік  тәуелсіз аккредиттеу орталығы  комиссиясымен   расталған. (5 жылға)

     Колледж студенттері – Халықаралық «World Skills» Kazakhstan 2018-2019 жж  чемпионатының жеңімпаздары. Озат студенттерге жоғары шәкірт ақы төленеді. Оқу қазақ тілінде жүргізіледі. Бітірушілерге  мемлекеттік үлгідегі орта білімі және мамандығы туралы диплом, кәсіби куәлік беріледі.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

  1. Өтініш   (директордың атына)
  2. Аттестат куәлік (мектеп бітіргені туралы)
  3. Медициналық анықтама (086 У)
  4. Сурет 3х4 – 4 дана

Мекен жайымыз: Сарыағаш қ. Әйтеке би көшесі №1 үй. Тел: +7(72537)2-26-14

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.