Сауран ауданындағы экологиялық сенбілік нәтижесінде 18 тонна қоқыс шығарылды

Бүгін Сауран ауданында жалпыұлттық экологиялық сенбілік өтті. Аталмыш акциясы аясында ұйымдастырылған шараның басты мақсаты өңірдің тазалығын сақтау, тұрмыстық қалдықтардың алдын алу және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру болды.

Аудан көлеміндегі тазалық жұмыстарына мемлекеттік қызметкерлер мен білім беру ұйымдарының ұжымдары, жастар, еріктілер мен ауыл тұрғындары белсене қатысты. Жалпы саны 1000-ға жуық адам қатысып, қоғамдық орындар мен көшелер, су арналары және демалыс аумақтары тазартылды.

Сенбілік барысында 12 техника жұмылдырылып, жиналған қоқыс көлемі 18 тоннаға жетті. Барлық қалдықтар арнайы полигондарға шығарылды. Мұндай экологиялық шаралар ауданда тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл бастамалар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You