
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен және «Сервистік әрі клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспар» аясында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға Сауран аудандық тіркеу және жер кадастр бөлімі мен аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. Онда «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы — жер учаскесін ресімдеу, ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау және салу мәселелері бойынша» тақырыбында азаматтарға кеңес беріліп, тұрғындардың сұрақтарына нақты жауаптар ұсынылды.
Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті әзірлеген ақпараттық брошюралар таратылды. Онда азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері, электрондық форматта қызмет пайдалану тәртібі және шағымдану тетіктері туралы толық ақпарат берілді.
Бұл іс-шараның басты мақсаты мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттыру, азаматтармен кері байланысты нығайту және клиентке бағдарланған мемлекеттік басқару мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
