
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мақсатында Сауран ауданында Ескі Иқан елді мекеніне дейін магистральді су құбырының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жоба 2024 жылы қолға алынған. Нысанды биыл толық аяқтап, пайдалануға тапсыру көзделуде.
Жұмыстар Сауран ауданы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен іске асырылу үстінде.
Жоба бойынша су құбырының жалпы ұзындығы 45 898 метрді құрайды. Құрылғының есептік өнімділігі – тәулігіне 3135,3 текше метр, сағатына – 188,23 текше метр немесе 42,29 литр/секунд. Ал қуаттылығы — 60 кВт шамасында.
Аталған нысан іске қосылғанда Ескі Иқан және оған жақын орналасқан елді мекен тұрғындары тұрақты әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
Осы ретте Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Ескі Иқан елді мекеніне дейінгі магистральді су құбырының құрылысы жұмыстарымен танысты. Аталған жоба 2024 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталуы жоспарланып отыр. Бұл нысанның негізгі мақсаты — Ескі Икан және маңайдағы елді мекендерді тұрақты әрі сапалы ауызсумен қамтамасыз ету.
Жобаның техникалық көрсеткіштеріне сәйкес, су құбырының жалпы ұзындығы 45 898 метрді құрайды. Құрылғының есептік өнімділігі тәулігіне — 3135,3 текше метр, сағатына 188,23 текше метр немесе 42,29 литр/секунд, ал қуаттылығы — 60 кВт шамасында.
Жобаның тапсырыс берушісі — Сауран ауданы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Нысан басында аудан әкімі тиісті бөлім басшыларымен және мердігер ұйым өкілдерімен бірге құрылыс барысын егжей-тегжейлі қарап, жұмыс сапасына және белгіленген мерзімнің сақталуына баса назар аударды.
— «Ауызсу — әрбір тұрғынның басты қажеттілігі. Бұл бағыттағы жобалардың сапалы әрі уақтылы орындалуы — аудан басшылығының тұрақты бақылауында. Тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру үшін мұндай инфрақұрылымдық жобалардың маңызы зор», — деді аудан әкімі Мақсат Таңғатаров.
Аталған жоба пайдалануға берілген соң, Ескі Иқан және оған жақын орналасқан елді мекен тұрғындары тұрақты әрі сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі деп күтіліп отыр.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
