Сауран ауданының әкімі күзгі көгалдандыру жұмыстарын тексерді

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров күзгі көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарының барысын бақылап, бірқатар елді мекендерде атқарылып жатқан шаралардың жай-күйін тексерді.

Тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерімен бірге аудан әкімі көгалдандыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды аралап көріп, ағаш отырғызу мен суғару жүйелерін реттеу, жасыл аймақтарды кеңейту мәселелеріне назар аударды.

Аудан орталығымен қатар ауылдық аймақтарда да көктемгі және күзгі маусымдарға арналған арнайы жер телімдері дайындалып жатыр. Бұл учаскелерге ағаш көшеттері мен сәндік бұталар егіліп, болашақта қоғамдық демалыс аймақтарына айналдыру көзделіп отыр. Мақсат Таңғатаров жауапты бөлім басшыларына көгалдандыру жұмыстарын уақытылы және сапалы орындауды тапсырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You