Сауран ауданының әкімі тұрғындардың өтініштері бойынша нақты тапсырмалар берді

Loading

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштерін тыңдады. Кездесу барысында халықты толғандырған әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды.

Жеке қабылдауға 7 азамат қатысып, 10 мәселе көтерді. Атап айтқанда, тұрғын үй салуға жер телімін алу, денсаулық сақтау, электрмен жабдықтау, мектеп құрылысы, елді мекендерді газдандыру, жаяу жүргіншілер жолын салу, балалар ойын алаңшасын орнату, көшелерді жарықтандыру, әлеуметтік көмек көрсету және тұрақты жұмыспен қамту жөніндегі өтініштер айтылды.

Әкім әрбір мәселені мұқият тыңдап, тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Құзырлы мекемелердің жауапты басшылары көтерілген мәселелердің шешілу барысын түсіндіріп, қолданыстағы заңнама аясындағы мүмкіндіктерді баяндады. Сонымен қатар, бірқатар бағыт бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы жоспарлар жөнінде ақпарат берілді.

Жеке қабылдау барысында азаматтардың мәселесін жай ғана тыңдап қою емес, оның нақты шешіміне дейін бақылау жасау қажеттігіне баса мән берілді. Аудан әкімі тұрғындар көтерген әрбір өтініш назарда болатынын айтып, мәселелерді кезең-кезеңімен шешу үшін тиісті жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

“Халықпен тұрақты кері байланыс орнату, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеру және өзекті мәселелерді уақытылы шешу аудан әкімдігінің негізгі жұмыс бағыттарының бірі болып қала береді”, — аудан басшысы.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You