Сауран ауданының тұрғындары «Таза Қазақстан» эко-акциясына белсенді атсалысты

Сауран ауданында экологиялық мәдениетті арттыру және елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы аясында кең ауқымды сенбілік өтті.

Шара Шорнақ ауылдық округіне қарасты Аша елді мекенінде ұйымдастырылып, оған 500-ге жуық тұрғын мен мекеме қызметкерлері қатысты. Тазалық жұмыстарына 9 арнайы техника жұмылдырылып, елді мекен аумағынан 13 тонна қоқыс шығарылды.

Акцияға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, тұрғындармен бірге тазалық жұмыстарына атсалысты. Ол экологиялық мәдениетті қалыптастыру — әр азаматтың ортақ борышы екенін айтып, табиғатты аялауға шақырды.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері экологиялық талаптарды бұзған азаматтарға қатысты әкімшілік шаралар қолданып, айыппұлдар салды. «Таза Қазақстан» эко-акциясы ауданның басқа ауылдық округтерінде де өз жалғасын табатын болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You