Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Адырбеков көшесін жөндеу жұмысының барысын көрді. Қазір мұнда құрылыс қарқын алған. Ұзындығы 3,74 шақырымды құрайтын жол Алдияров көшесінен Т.Рұскұлов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды.
Жоба бойынша ені 23 метр 4 жолақты жолдың екі жағында ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ, жаяу жүргіншілер және жарық шамдар орнату көзделген. Қазіргі сәтте жұмыстың 45 пайызы орындалған. Нысан құрылысының аяқталуы 2023 жылға өтпелі.
Адырбеков көшесі 2018-2020 жылдары Рысқұлов көшесінен Жандосов көшесіне дейін бір шақырымға жуық аумағы жөндеуден өткен болатын. жолға қайта құру жұмыстары жүргізілген. Бүгінде Жібек жолы көшесінен Тәуке хан даңғылына дейінгі аралығында қайта құру жұмыстары атқарылуда. Ал, Жібек жолы көшесінен Ілияев көшесіне дейін асфальт төсемінің екінші қабаты төселіп, Ілияев көшесінен Тәуке хан даңғылына дейін инженерлік жүйелер орын ауыстырылуда және жолдың қазаншұңқыры дайындалуда.
Сонымен қатар, көшені күрделі жөндеуден өткізу үшін 23 жер телімі мемлекет иелігіне қайтаруды қажет етеді. Бүгінге дейін оның 1-і қайтарылып отыр. Қалған жерлер бойынша жұмыс процесі жүруде.
Айтпақшы, бұған дейін шаһар басшысы Еңбекші ауданында асфальт төселген екі көшеде болған еді. Яғни, Еңбекші ауданы аумағындағы Шаңырақ шағынауданының екі көшесі орташа жөндеуден өткен. Жөндеуден өткен Жайдарлы және Ақжарқын көшелерінің жалпы ұзындығы 4,28 шақырымды құрайды. Шағынауданның көшелерінде пайда болған ойық-шұңқыр кемшіліктер ретке келтіріліп, қалыңдығы 10 см құрайтын асфальт төселді.
Айта кетейік, биыл қала орталығындағы магистралды көшелер мен шалғай мекендерді қоса алғанда 187 нысан, бұл дегеніміз 350 шақырымнан астам жол қалпына келтірілмек. Сондай-ақ, биыл жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы ауқымды 5 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
«Anyq.kz» — ақпарат