Шетелдермен байланысты нығайтпақ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркология ғылыми зерттеу институтының директоры, профессор Бүлент Байрам Өзбекстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында білім, ғылым, ғылыми-зерттеулер мен бірлескен ортақ жобаларды жүзеге асыру мақсатында Өзбекстанға жол тартты.
Ол Өзбекстан Республикасының Ташкент, Самарқан, Бұхара, Үргеніш, Нүкіс қалаларындағы жоғары оқу орындарымен келісімшарттар жасамақ. Соның нәтижесінде алдағы уақытта ғылыми байланыс нығая түсетін болады.
Алғашқы кездесу Әлішер Науаи атындағы Ташкент Мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінде өтті. Ташкент Мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің ректоры Ш.Сирожиддиновпен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып, келесі жылы бірлесіп атқаратын іс-шаралар туралы жоспар жасалды.
Сондай-ақ, институт директоры, профессор Бүлент Байрам Самарқанның бірнеше жоғары оқу орындарында болып, кездесулер өткізді. Кездесуден соң Түркология институтының ТИКА-мен жабдықталған кеңселерін аралап, ғылыми бағыттарымен танысты.
Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры профессор Бүлент Байрам Өзбекстандағы сапарын жалғастыруда. Бауырлас елдермен қарым-қатынасты одан әрі дамыту және келісімге қол қою үшін бірнеше оқу ордаларында болып, әріптестік кездесулер өткізді. Олардың қатарында Өзбекстан Ғылым академиясы Археология ғылыми-зерттеу институты, Өзбекстан Ғылым академиясы Шығыстану институты, Әлем тілдері университеті, Халықаралық Жібек жолы туризм және мәдени мұра университетінің басшыларымен кездесті. Бұл кездесулер түркология ғылымы үшін нәтижелі зерттеулерге жол ашады деп күтілуде.
Түркология ғылыми-зерттеу институты

«Anyq.kz» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.